"Имантау орта мектебі" КММ
Ресми интернет-ресурс

Жалпы мектептік ата-аналар жиналысы

Жалпы мектептік ата-аналар жиналысы

16 мамырда желілік кестеге сәйкес «Имантау орта мектебі» КММ-де жалпы мектептік ата-аналар жиналысы өтті. Күн тәртібінде келесі мәселелер қарастырылды: 1. Оқу жылының аяқталуы және жазғы демалыстың ұйымдастырылуы (директордың ТЖ жөніндегі орынбасары Н.Ф.Юмакулова). 2 Жыныстық тәрбие мәдениеті. Ішкі киімнің ережесі. (мед.қызметкер Г.Х Шайхразиева) 3. Ата-ананың балаларын тәрбиелеу мен оқытудағы жауапкершілігі, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 70-бабы. Жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік: Интернет қауіпсіздігі, су айдындарында, өрт кезінде, төтенше жағдайлар кезінде, жолдарда, скутерлер,  велосипедтер, мопедтер және басқа да көліктерді пайдалану кезіндегі қауіпсіздік. Жолда жүру ережелерін сақтау (әлеуметтік педагог Д.Х. Тумгоева).

4_а.jpg

Записаться на прием