«Имантау орта мектебі» КММ-нде жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс барысында Айыртау ауданы ПБ ЖПҚБ ЮПТ УПИ полициясының аға лейтенанты Кенес А.В. және мектептің әлеуметтік педагогі балалардың жазғы демалыс кезеңіндегі қауіпсіздігі мен кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша алдын ала түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ата-аналарға балалардың өмірі мен денсаулығы үшін жауапкершілік, жол қозғалысы ережелерін сақтау, өрт қауіпсіздігі талаптарын орындау, су айдындарында және қоғамдық орындарда қауіпсіз жүріс-тұрыс қағидалары, терезеден құлап кетудің алдын алу, киберқауіпсіздік мәселелері туралы ескертілді. Сонымен қатар деструктивті діни ағымдардың алдын алу, құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың, алкогольді ішімдіктерді пайдалану, темекі шегу, нашақорлық, кәмелетке толмағандардың аутодеструктивті мінез-құлқының алдын алу, сондай-ақ өміршеңдік пен салауатты өмір салтын насихаттау мәселелері қарастырылды.







