25 мамыр күні «Имантау орта мектебі» КММ-нде 1, 10 және 11-сынып оқушыларына арналған 2025–2026 оқу жылының аяқталуына және Соңғы қоңырау мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті. Соңғы қоңырау – мектеп өміріндегі маңызды кезеңнің аяқталғанын білдіретін және түлектер үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын ерекше мереке. Салтанатты жиын мектептің үздік дәстүрлерін сақтай отырып, жылы әрі мерекелік көңіл-күйде өтті. Оқушыларға, педагогтерге және ата-аналарға Имантау ауылдық округінің әкімі Сейткалиев Қ.К. мен мектеп директоры Малышева Л.А. ізгі тілектерін арнап, барша қауымды оқу жылының сәтті аяқталуымен құттықтады. Олар түлектерге өз күштеріне сенімді болып, емтихандарды сәтті тапсырып, алға қойған мақсаттарына жетулеріне тілек білдірді.








