23 мамырда «Имантау орта мектебі « КММ-де «Білімім-Отаныма» («Менің білімім – Отаныма!») тақырыбында бірлескен сынып сағаттары өтті. Сынып сағатында «Адал азамат» Бірыңғай білім беру бағдарламасының құндылықтарына назар аударылды. Осыған орай барлық оқушылар арасында эссе байқауы өткізілді. 1-4 сынып оқушыларына «Таза Қазақстан», 5-9 сынып оқушыларына «Заң және тәртіп», 10-11 сынып оқушыларына «Адал азамат» тақырыптарында эссе жазу тапсырылды. Үздік жұмыстар сабащ барысында оқылып, мадақталды. Сондай-ақ балаларға демалыс кезінде оқуға болатын кітаптар тізімі, көретін фильмдер, қауіпсіздік техникасы туралы ескертулер, бос уақытын пайдалы өткізу, мектептегі үйірмелерге, мектептен тыс ұйымдардың үйірмелеріне қатысу, еңбек, ата-аналар мен үлкендерге көмек көрсету мәселелері де талқыланды.
Жаңалықтар
Білімім-Отаныма!
Қаралды: 3
